Дүйсенбі, 25 қараша, 00:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Төркініне кетіп қалды»: Тәуекел Мүсілім

21.07.2023

643 0

Елімізге белгілі актер Тәуекел Мүслім “Осколки” подкастында жұбайы Махаббатпен арада болған келіспеушіліктер жайлы жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қиын кезеңдерді бастан өткіздік. Бір-бірімізге үйренісе бастаған кезіміз. Кездесіп жүргенде бәрі жақсы, қызық. Ал тұрмыс мүлдем басқа кезең, басқа атмосфера. Дегенмен біз әңгімелесіп, сөйлесудің арқасында осы тұрмысқа да бояу беруді, қызықты қылуды үйрендік. Біз осылайша отбасымызды сақтап қалғанбыз. Себебі, бірде ол төркініне, ата-анасына кетіп қалды. Мен де: «Бір-бірімізден демалайық», – дедім. Егер біз әрі қарай сөзге келе берсек, жағдайды ушықтырып алар едік. Кейін қайта сөйлесіп, арақатынасымыздағы кемшіліктерді тауып, дұрыс қарым-қатынас құра бастадық. Үлкеніміз Айтөре туды, кейін Әмір дүниеге келді. Тіпті кейде: «Біз көптен бері ұрсыспай кеттік қой», – деп әзілдесеміз. Қазір бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Екеуіміздің өмірге деген көзқарасымыз бір: дамығымыз келеді, қызықты дүниелерді зерттейміз. Бұл бізді жақындастырады”, – дейді актер.

Желі қолданушылары да өнер иесінің бұл сөзімен толықтай келісетінін жеткізді.

“Қиын кезеңдер бәрінің басынан өтеді. Бастысы өзіңді жаныңдағы адамның орнына қойып көру керек”, “Толықтай келісемін. Қандай жағдай болмасын, адам бір-бірімен ішінде не болып жатқанын ашып айту керек”, “Instagram-ын қарасаң мін таппайсың. Сөйтсем, бұлар да ет пен сүйектен жаралған адамдар”, “Бір-біріңмен сөйлесу керек”, – деп жазды желідегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: