Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу және террористік қауіптіліктің «сары» деңгейін белгілеу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті астананың, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанда шілденің 2-5 аралығында бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік ресми сапары өтеді. Осыған орай әлемге белгілі тәжірибеге сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар келетін шетелдік делегациялардың, олардың ішінде мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге толыққанды шаралар қабылдайды, – делінген комитет мәліметінде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!