Дүйсенбі, 26 мамыр, 01:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38,2151
24.05.2025
PDF мұрағаты

Төрт жасар қыз көпқабатты үйдің терезінен құлап кете жаздады

25.05.2025

55 0

Фото: ТЖД

Павлодарда төрт жасар бала төртінші қабаттағы ашық терезе жақтауында тұрған сәтте құтқарылды. Оқиға Толстой көшесіндегі бес қабатты үйде болған. Жағдайды бірінші болып көшеден өткен тұрғындар байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыз бала жалғыз өзі үйде қалған және терезе жақтауында тұрған. Ол кез келген сәтте төменге құлап кетуі мүмкін еді.

Құтқарушыларды тұрғындар дереу шақырған. Арнайы бригада оқиға орнына бірнеше минут ішінде жетіп, қыз баланы аман алып қалды.

Құтқарушылардың бірі пәтердің есігі арқылы қызбен сөйлесіп, назарын басқа жаққа бұрды, ал қалғандары шатыр арқылы альпинистік құралмен терезеге көтеріліп, ішке кіріп, баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Павлодар облысында соңғы бес жылда 48 бала терезеден құлаған, оның 11-і көз жұмған. Жақында ғана екі жасар бала үшінші қабаттан құлап, қаза болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: