Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Төртінші рет тізерлеп шығып бара жатырмын»: мүгедектігі бар тұрғын ХҚКО-ға тізерлеп көтеріліп жүр

09.08.2023

374 0

Қос аяғынан айырылған Ақтөбелік тұрғын Тургенев көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығындағы лифт жұмыс істемей, соның кесірінен баспалдақпен тізерлеп көтерілуге мәжбүр болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

«Төртінші рет осында тізерлеп шығып бара жатырмын. Бірінші рет жеке куәлігімді бір жыл бұрын ауыстырдым, екіншісі – карта ауыстырғанда. Содан кейін анықтама алуға тура келді. Олар үнемі сылтау айтады: лифт жұмыс істемейді. Себеп, сылтау табылады. Арбаны көтеруге мейірімді адамдар көмектеседі. Мен олардың не ойлайтынын білмеймін. Үндеу жасауды жөн көрдім, мүмкін газет арқылы оларға әсер ететін шығар. Мен жалғыз емеспін. Көбі осылай келіп, қайтады», – деп шағымыданды Ақтөбе қаласының тұрғыны Вячеслав.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы лифт жақын күндері жұмыс істейді деп уәде берді.

 «Лифт 2018 жылы орнатылды, қызмет ету мерзімі бес жыл. Ақаулар болды, лифт бұзылып тұрды. Шынжырын ауыстырдық. Лифтке күрделі жөндеу қажет. Қазір оны жүргізіп жатырмыз. Алдағы күндері жұмыс істей бастайды», – деді филиалдың PR менеджері Асылгүл Айдарова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: