Бейсенбі, 31 шiлде, 03:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Төтенше жағдайларға дайындық және жұмылдыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

30.07.2025

104 0

Қызылорда облысында төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтық қорғаныс пен жұмылдыру дайындығы бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Әсіресе әскери қызметке шақыру, азаматтарды оқыту және төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Марат Құрманбаев мәлімдеді.

– Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы өз салалары бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруда жүйелі жұмыстар атқаруда. Басқарма құрамында «Жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2 отырысы өткізіліп, 7 маңызды мәселе қаралды. Көктемгі су тасқыны кезеңінде облыс аумағында су тасу қаупі бар 29 аймақ бақылауға алынды. 1 200-ден астам адам, 400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылып, 60-тан астам эвакуациялық пункт дайындалды. Қамбаш пен Ақшатау көлдеріне су жинақтау арқылы судың артық көлемі реттелді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары барысында 600 мыңнан аса мал мен 30 мыңнан астам аула аумағы өңделді. Халықты төтенше жағдайлар кезінде жедел құлақтандыру үшін биыл 40 сиреналық-сөйлеу құрылғысы орнатылуда. Терроризмге қарсы комиссияның 2 отырысы, жұмыс тобының 6 отырысы өтіп, 60-тан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Жастар мен осал топтармен жүйелі жұмыс жүргізілді. Мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жоспарға сай орындалып, облыстан барлығы 812 азамат мерзімді әскери қызметке жіберілді. Әскери міндеттілерді даярлау бойынша оқу-жаттығу өткізіліп, практикалық машықтары жетілдірілді. Басқарма алдағы уақытта да тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тиісті салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді, – деді Марат Ердәулетұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: