Дүйсенбі, 21 сәуiр, 22:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Тоғызқұмалақтан турнир өтуде

21.04.2025

145 0

Фото: Қала әкімдігі

«Болашақ» жоғары медициналық колледжінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнир өтуде. Жарыстың ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров ұлттық ойынның бірі – тоғызқұмалақ спортын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып өтіп, спортшыларға сәттілік тіледі.

– Ұлы дала данышпаны, қазақ руханиятының шамшырағы – Абай Құнанбайұлының рухына тағзым ретінде өткізіліп отырған бұл тоғызқұмалақ турнирі – жай ғана жарыс емес. Бұл — ұлттық мұрамызды дәріптеу, зияткерлік ойынды ұрпақ санасына сіңіру және ең бастысы – ойлы, парасатты жастарды тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам. Ұлы Абайдың: «Толық адам – ақыл, қайрат, жүрек үшеуінің бірлігімен табылады» деген сөзі бар. Осы турнир – сол үштіктің нағыз сыналар алаңы. Турнирге қатысып отырған барлық спортшыларға сәттілік тілеймін! Жарыста әділдік салтанат құрсын, шеберлік пен парасат жеңсін!, – деді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Бауыржанұлы.

Тоғызқұмалақтан турнир өтуде

Турнирде «Болашақ» университетінің негізін қалаушы мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов және Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Алмат Алдабергенов сөз алып, адамзаттық мәдени мұра – тоғызқұмалақ ойынын ұлттық құндылығымыз – тоғызқұмалақ ойнының соңғы жылдары кең қанат жайып, балалар мен жасөспірімдер арасында үлкен қызығушылыққа ие болып отырғанын атап өтті.

Ашық аспан астында әдеби-музыкалық кеш форматында ұйымдастырылған турнирге облыс көлемінде мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан жалпы 300-ге жуық спортшы қатысуда.Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар қала әкімінің сыйлықтарымен, арнайы кубок, медаль және дипломмен марапатталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: