Жексенбі, 24 қараша, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Той-томалақ жасауға болмайды

13.04.2021

1858 0

Қазіргі таңда коронавирус індеті күн өткен сайын өрши түсуде. Оған тұрғындардың әлі де болса сақтық шараларын сақтамауы себеп болып отыр. «Сары аймаққа» енген Сыр елі ендігі кезекте сақтық шараларын қатаң қолға алуда.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес барлық деңгейдегі мейрамханалар өз жұмысын тоқтатты. Елдің саулығы үшін енді ешқандай мерекелік кештер мен басқосулар өткізілмейді.

Еңселі Еуропаның өзін есеңгіретіп жіберген індет осылайша әлі күнге айылын жимай отыр. Ендеше әрбіріміз өз ортамызда жақындарымыз үшін жауапкершілік танытайық.

Сонда ғана індеттің таралуына тосқауыл қоямыз. Адамнан адамға ауа арқылы жұғып, өкпені қабындыратын дертті тоқтататын кез келді. Ол үшін отбасымызда оқшауланып, қоғамдық ортаға мейлінше бармай сақтық танытудың әрі вакцина салдырудың маңызы зор.

Саулық сақтықта екенін ұмытпаған дұрыс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: