Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды

26.12.2022

657 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасына қатысты заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған заң жобасына сәйкес әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып қалады. 

“Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек заңнамада “жастар” санатына енгізілген өзгерістер де қарастырылған. Енді 35 жасқа дейінгі барлық азаматтар “жастар” болып саналады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: