Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Исабеков Дулат – жазушы, Алматы қаласы
Розметов Владимир Фёдорович – «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры», – делінген Жарлық мәтінінде .
Одан бөлек, ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағы берілді.
«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы – ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы», – делінген Жарлық мәтінінде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!