Бейсенбі, 28 қараша, 08:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев газ бағасын реттеу үшін үкіметке екі ай уақыт берді

18.06.2021

1196 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте ішкі газ нарығындағы баға белгілеу ісін жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, өңірлерді жаппай газбен қамтамасыз ету – газ тұтыну көлемінің артуына әкеп соғады.

Соңғы бес жылда ішкі нарықтағы газ 40 пайызға, яғни 12 ден 17 миллиард текше метрге дейін артты. Осы ретте Қазақстандағы газдың бағасы ТМД елдерінің ішінде ең төменгі деңгейде болып отыр. 

“Бұған дейін өңірлер бойынша газ тарифын реттеу және халықты қолжетімді газбен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек. Бір сөзбен айтқанда, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын, сондай-ақ жұмысы газ бағасына тікелей байланысты экономика салаларын жүйелі түрде қорғау мақсатымен баға белгілеудің түсінікті әрі жаңа ашық моделі қажет. Үкіметке 1 қыркүйекке дейін аталған мәселенің әдіс-тәсілдерін әзірлеуді тапсырамын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент газ тасымалдау жүйесін жаңғырту үшін үкімет пен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына экспорттан, тіпті жекешелендіруден түсетін табысты қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін іске қосуды тапсырды. Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: