Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев: Халықтың табысы көтерілуі керек

11.01.2022

1382 0

Халықтың барлық тобының табысы экономика өсіміне қарай көтерілуі керек. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Азаматтардың көптеген маңызды мәселесі шешілген жоқ. Халықтың барлық тобының табысы экономика өсіміне қарай көтерілуі керек. Елде құрылған әлеуметтік-экономикалық жүйе ұлттық табысты қамтамасыз етуде айтарлықтай тиімділігін көрсетті. Бірақ оны бөлу тиімсіз болып отыр. Сіздер мұны жақсы түсінесіздер және білесіздер», – деді Тоқаев.

Президенттің пікірінше, ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу керек.  

«Экономикалық саясатымыздың мақсаты айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту. Бұл жүйенің өзегінде қоғам  алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер», – деп түйіндеді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: