Жұма, 27 желтоқсан, 04:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев қарызын төлей алмай жүрген азаматтарға қатысты жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді

12.12.2022

758 0

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берешегі 90 күннен кешіккен адамдарды «жаңа несиеден арашалайтын» Жарлыққа қол қоятынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев тұтыну несиелерінің шамадан тыс артуына жол бермеудің маңыздылығына тоқталды.

«Өкінішке қарай, бейсаналы тұтыну елеулі теңгерімсіздіктерге әкелуі мүмкін, олардың белгілерін биыл ғана көріп отырған жоқпыз.

Бүгінде проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам өз міндеттемелерін орындай алмай отыр. Олардың көбі үмітсіздіктен ескі несиені өтеу үшін жаңасын алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және олардың банкроттығы туралы» Заң іске қосылуға тиіс», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, кепілсіз онлайн-микрокредиттерді қатаң реттеу қажет.

«Кейбір елдерде оған толық тыйым салынған. Бұл тәжірибені зерттеу керек. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыларды жаңа міндеттемелер қабылдаудан арашалау тетігін ойластыру қажет. Жақын арада мен тиісті Жарлыққа қол қоямын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: