Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!” – деп жазды президент.
Айта кетсек, қазан айының алғашқы демалыс Қазақстанда ұстаздар күні ретінде аталып өтіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!