Жексенбі, 24 қараша, 13:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев жасөспірімдерге энергетиктер сатуға тыйым салу мәселесін қарастыруды тапсырды

08.11.2022

984 0

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды қарастыруды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Атырау облысының тұрғындарымен кездесуде айтты.

«Қоғамда жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу керектігі кеңінен талқыланып жатыр. Үкімет бұл мәселені зерттеп, нақты шешім қабылдауы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол бүкіл қоғам есірткіге қарсы ымырасыз күресу керектігін баса айтты.
«Бұл өскелең ұрпақтың және бүкіл халықтың денсаулығы үшін өте маңызды. Біз жастардың бойында зиянды әдеттерге жол бермеуіміз керек. Қазір көптеген жасөспірімдер мен мектеп оқушылары кез келген жерден оңай сатып алуға болатын электронды темекіні пайдалана бастады. Бұл өте қауіпті жағдай. Біздің елде 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған. Алайда бұл жағдай іс жүзінде байқалмайды», – деді Мемлекет басшысы.
Президент уәкілетті органдарға бақылауды күшейту керектігін атап өтті.
«Ел бесіктен басталады» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, жас ұрпақтың денсаулығы мен тәрбиесін бүгіннен бастап ойламасақ, ертең кеш болуы мүмкін», – деп қорытындылады Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: