Жұма, 29 қараша, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Тоқаевтың көлік жүргізушілерге қатысты жаңалығы: үкімет арнайы қаулы дайындады

17.05.2021

1890 0

Көлік құралдарына автобус жолақтарымен жүруге рұқсат беріледі. Бірақ нақты бір уақыт белгіленіп отыр. Қазақстанда жұмыс және демалыс күндері барлық көлік құралына автобустың арнайы жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

Қаулы жол қозғалысы ережелеріне өзгеріс енгізуді көздейді. Атап айтқанда, «Маршруттық көлік құралдарының басымдығы» деген бөлімнің 2-тармағында жазылған бірінші абзацты өзгерту ұсынылған.

«2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілерімен нақтыланған маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда 07.30-дан 9.30 сағатқа дейін, 17.00-ден 20.00 уақыт аралығында қоғамдық көліктердің жүруі жүзеге асырылады және аялдайды (қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), қалған уақыттарда және демалыс күндері осы жолақта қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдары жүру және аялдау жүзеге асырылады», – делінген қаулыда.
Осылайша, көлік кептелісі жиі болатын кезеңдерден бөлек уақытта барлық көлік жүргізушісі автобус жолағымен жүре алады. Құжаттың жобасы 31 мамырға дейін талқыланады.

Айта кетейік, 22 сәуірде Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік жүргізушілеріне автобусқа арналған жолақпен жүруге рұқсат беру қажеттігін айтқан. Президенттің ойынша, автобустарға арналған жолақтарды қарбалас болмаған кезде және демалыс күндері пайдалануға болады. Мұндай тәжірибе Мәскеу, Стамбул мен Парижде кеңінен қолданылады.

Сондай-ақ, президент жиында қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құруды тапсырған болатын.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: