Бейсенбі, 23 қаңтар, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

Тоқтар Серіков: «Балапаным қош бол! Сенің дертіңе шипа таппадық»

23.01.2025

103 0

Әнші Тоқтар серіков инстаграм желісінде жастайынан ауыр дертке шалдыққан бауырына жантебірентерлік жазба арнады.

Менің аяулы анаммен,өзінің сүйікті шөбересі Мырзәлі.Әжесі қайтқан жаққа шөбересіде қайтты.Қандай ауыр десеңші осылай деп жазу.Алтыным ағатайлап құшақтап баурап алатын жан бауырым еді.Жастайыңнан жабысқан дертіңе бір мемлекеттің дәрмені жетпеу,арашалап алып қалмау өкініш болып тұр ботақаным.Сен секілді көзі мөлтілдеген балапандар,біз секілді шырылдаған ата аналар әлі жетеді.Қайырымы жоқ қоғам,безбүйрек басшылар бұл дүниені қайдан түсінсін.Балапаным қош бол,сенің дертіңе шипа таппадық.Қорғап қалалмадық кешір бізді.Сен осындай болашағына бейқам қарайтын қоғада туылдың.Раббың қабыл алып әжеңе жеткен шығарсың құлыным.Әжеңе бәрін айт,әжеңмен қорқытушы едіңғой айт әжеңе қомағай қоғамның қолтырауындары әлі тойған жоқде.Алтыным балапаным мәңгілік мекенің Жәннәт болсын, – деп жазды әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: