Сәрсенбі, 17 қыркүйек, 13:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Трамп TikTok-ты бұғаттау мерзімін 16 желтоқсанға дейін ұзартты

17.09.2025

48 0

Фото: Pixabay

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісін оқшаулауды ағымдағы жылдың 16 желтоқсанына дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарлыққа сәйкес, осы кезеңде АҚШ Әділет министрлігі «американдықтарды шетелдік қарсыластар бақылайтын қосымшалардан қорғау туралы Заңды» TikTok-қа қолданбайды. Демек, компания бұл уақыт ішінде айыппұлдар мен санкцияларға тартылмайды.

Сонымен қатар, кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін де, 2025 жылдың 19 қаңтарына дейінгі аралықта жасалған әрекеттер үшін TikTok-қа қатысты жаза қолданылмайды.

Бұған қоса, Трамп бірқатар ірі компаниялардың TikTok сатып алуға қызығушылық танытқанын айтты, бірақ олардың атауларын атамады. Сондай-ақ ол бұл мәселені 19 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

15 қыркүйекте Вашингтон мен Пекин TikTok-тың АҚШ-тағы болашағына қатысты негізгі келісімге келгені белгілі болды. АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, құжат платформаның меншігін американдық құрылымдардың бақылауына беруді қарастырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: