Жексенбі, 24 қараша, 05:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Трансвеститтер клубына барған ұстаздар сотта жеңіліс тапты

30.06.2024

921 0

«Қысымммен жұмыстан шығарды» деп мектеп директорымен соттасқан қызылордалық екі мұғалім сотта жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

26 маусымда Қармақшы аудандық соты мұғалімдердің экс-басшыдан моральдық шығын өндіру туралы талабын қанағаттандырмады. 

Жыл басында Ыстамбұлдағы түнгі клубта трансвеститтер шоуына қатысқан екі мұғалім көптің сынына ұшыраған еді. Қармақшылық Ақерке Жұмабаева мен Фатима Ысқақованың видеосы желіде тарап білім саласы басшыларының сынынан кейін жұмыстан кеткен еді.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, жауапкердің әрекетінен талап қоюшыларға қандай да бір зиян келгені анықталмаған. Сондай-ақ олар мектеп басшысы қысым жасағанын, одан жан азабын тартқанын растайтын дәлел ұсына алмаған.

Екі мұғалім моральдық шығынды 3 миллион теңге деп бағалаған. Екеуі мектеп директорынан үш миллионнан жалпы сомасы 6 миллион теңге өндіруді талап еткен.

Мұғалімдер сот шешіміне келіспейтінін, апелляция алқасына шағым жазатынын айтты.

“Сот шешіміне келіспейміз! Себебі Ыстамбұл сапарынан соң жұмыстан мәжбүрлі түрде кетіп қана қоймай, абыройымызға нұқсан келді. Қоғамнан психологиялық қысым көріп, моральдық зардап шектік”, – дейді арыз берушілердің бірі Ақерке Жұмабаева.

Олар 2024 жылы ақпанға дейін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде ағылшын тілінен сабақ берген.

Еске салсақ, Қызылордалық мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтер клубында демалғаны үшін жұмыстан шығып қалғаны айтылған еді. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға түсініктеме беріп, олар жұмыстан өз еркімен шыққанын мәлімдеген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: