Жұма, 04 шiлде, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Трендке айналған Лабубу балаларға зиян екені айтылды

04.07.2025

73 0

Фото: Xia Yu/VCG via Getty Images

Атыраудың медицина мамандары әлемдік трендке айналған Лабубуға қарсы шықты. Себебі құбыжық түріндегі қуыршақтың өзі де, құрамы да қауіпті деп отыр. Тіпті елімізде де сұранысқа ие болған қытайлық ойыншық балалардың психикасын бұзады дейді. Эпидемиологтар ата-аналарға тауарды алмас бұрын сапасы мен таңбасын тексеріп алуға кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Лабубуға елдегі балалардың қызығушылығы артқанын желіден де, сауда нүктелерінен де байқауға болады. Базарларда ұзын-сонар кезек болмаса да ойыншыққа онлайн тапсырыс беріп жатқандар көп. Ал жастар арасындағы жаңа трендті психолог мамандар қабылдай қойған жоқ. Өйткені Қытайда дайындалатын қуыршақтың денсаулыққа кері әсер бар дейді. 

“Мұндай образдарды күнделікті көріп жүрген бала агрессияны қалыпты деп қабылдай бастайды. Қымбат ойыншық болған соң бала өзін өзгелерден жоғары санайды. Яғни эгоцентризм мен басқаларды менсінбеуді, «менікі ғана дұрыс» дейтін баланың ойын қалыптастырады. Сонымен қатар егер басқа балада болмаса, өзінде жоқ та, реніш, қызғаныш, өзін төмен бағалаудың сезімдерін оятады”, – деді психолог Гүлшат Жұмағалиева. 

Лабубу түпнұсқасының ең арзаны 30-50 мың теңге тұрады. Бірақ көрші елден Қазақстанға келіп жатқаны арзан көшірмелері. Сатушылар да оны еш жасырмайды. Тісі ақсиған, көзі жыпылықтаған, құбыжықққа ұқсас ойыншыққа сұраныс артқанын ашық айтып отыр.

Лабубудың осындай бірнеше түрі бар. Төмендегісі 2000 тұрады, мынау 3000, ал ең үлкені 8000 мыңнан басталады. Тағы қосымша жаңа тауар келеді. Тренд қой енді. Сатылым көп осы ойыншыққа. Бәрі осыны алып жатыр. Сыйлыққа да алып жатыр”, – дейді сатушы Арслан Қонысбаев. 

Ата-аналардың көбі «қатарынан қалмасын» деп балаларымызға алып береміз дейді. Бірақ желідегі түрлі ақпараттан кейін қорқыныш барын жасырмайды. Ал эпидемиолог мамандар сараптама тағайындап, ойыншықтың құрамын тексеруге кірісті. Зертхана қорытындысы бойынша нақты шаралар қабылдаймыз деп отыр. Әзірге әлемдік трендке айналған Лабубудың сатылымына елде шектеу жоқ. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: