10 шілдеге қараған түні Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметкері оқ жарақатын алды, деп жазады Alash.kz.
Белгілі болғандай, фельдшерге травматикалық қарудан залал келтірілген. Медицина қызметкеріне шұғыл түрде операция жасалып, екі сантиметр тереңдікке кірген оқ алынған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Өміріне қауіп жоқ.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен күдікті туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!