Жексенбі, 07 желтоқсан, 21:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

07.12.2025

72 0

Фото: Қала әкімдігі

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен көңіл көтеретін орындарда түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді.
Рейдке қала әкімдігі жанындағы жұмысшы топ, оның ішінде қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, полиция қызметкерлері, төтенше жағдай, мемлекеттік кірістер басқармалары мен жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Жұмысшы тобы қала аумағындағы көңіл көтеретін түнгі ойын-сауық орындарды аралап, нысан иелеріне қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және қоғамдық тәртіпті бұзуға ықпал ететін факторларды жоюға сондай-ақ, заң нормаларын сақтау бағытында тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған мұндай шаралар әрі қарай да жалғасын табатын болады.

Қауіпсіз қала – әрбір азаматтың саналы әрекетінен басталады. Қоғамдық тәртіпті сақтау, заңға құрметпен қарау, өзара сыйластық таныту – бәрі де ортақ тыныштығымыздың кепілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: