Сәрсенбі, 17 қыркүйек, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Түркістан облысында күйеуі әйелін балғамен ұрып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

17.09.2025

46 0

Фото:depositphotos.com

Түркістан облысында 56 жастағы ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзі де дәретханаға барып асылып қалған. Жантүршігерлік жағдай Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында болған, – деп хабарлайды  «КТК» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, ер адамның мұндай қатыгездікке баруына қызғаныш себеп болған көрінеді. Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған төрт бала қалды.

Қанды қылмыс Қарамұрт аулында бес күн бұрын болған. Таңертең ұйқыдан тұрған балалар есіктің алды қанға малынып жатқанын көрген. Шошыған балалар көршілері мен туыстарын шақырыпты.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша жергілікті тұрғын үйде жұбайына жарақат салып, кейін қайтыс болған», – деді Түркістан облыстық ПД өкілі.

Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: