Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Түркістан облысының тұрғыны сирек кездесетін өсімдікті жұлғаны үшін ұсталды

03.08.2022

1552 0

Жергілікті тұрғын Қазығұрт өңірінің тауларында жойылып кету қаупі төніп тұрған және Қызыл кітапқа енген өсімдікті заңсыз жинап алған, деп хабарлайды  Otyrar.кz порталы.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті жедел-профилактикалық іс-шара барысында «алтын тамырға» ұқсайтын өсімдікті жұлып алған азаматты ұстады.

Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлімі «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша тіркелді.

Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын тез арада анықтауға кірісті. Табиғатқа зиян келтірген аудан тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктінің айтуынша, ол бұл өсімдікті емдік шөп ретінде пайдаланбақ болған.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: