Сәрсенбі, 18 маусым, 12:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Түркістанда қуаңшылық күшейді: мал қырылып, жайылымдар жарамсыз күйге түсті 

18.06.2025

59 0

Фото: желіден алынды

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығы аптап ыстық пен жауын-шашынның болмауы салдарынан жайылымдар қурап, мал шығыны тіркелуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бірнеше ауданда төрт түлікке қажетті азықтың тапшылығы байқалады. Фермерлер шөп бағасының күрт өскеніне шағымданып отыр.

Олардың айтуынша, бірнеше ондаған ірі қара мал мен қой қырылып қалған. Maл шаруашылығымен айналысатындардың шығыны әзірге нақты есептелмегенімен, жағдайдың ауыр екені байқалады. Зардап шеккен ауыл тұрғындары жайылымға қосымша жер беруді және шөп бағасын төмендетуді сұрайды.

Алайда аудандық әкімдік мәселені аса күрделі деп санамай отыр. Ресми өкілдер жағдайды «маусымдық құбылыс» деп сипаттаған.

Ауыл шаруашылығына да зиян жетті: жалпы көлемі 190 гектар егістік алқаптың шамамен 10 пайызы жарамсыз күйге түскен. Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, зардап шеккен шаруаларға өтемақы төленбейді.

Себебі төлем тек төтенше жағдай жарияланған жағдайда ғана қарастырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: