Жексенбі, 19 қазан, 18:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Түркістанда ұзындығы 15 шақырым болатын каналдың реконструкциясы басталды

19.10.2025

43 0

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Түркістан облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы Мақтаарал ауданындағы К-17 каналында реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл соңына дейін ұзындығы 3,3 шақырым болатын бөлігін бетондау жоспарланған. Бүгінде каналдың түбі толық тазартылып, тығыздау және бетондау жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.

К-17 каналының жалпы ұзындығы – 15 шақырым, өткізу қуаты – секундына 6,5 текше метр. Нысанды реконструкциялау су шығынын азайтып, егістік алқаптарын суару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмысқа арнайы техника тартылған. Түркістан облысындағы «Қазсушар» филиалы мердігер ұйымның жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауын қатаң бақылауда ұстап отыр, – деді «Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалы директоры Қазыбек Бедебаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: