– Түркістан облысында көлігімен тасқын су ортасында қалып қойған тұрғындар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғындары тасқын су ортасында көлігімен қалып қойған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан адамдарды көлікпен бірге су ағызып бара жатқанын көруге болады. Жағада тұрғандар құтқаруға әрекеттеніп, көмек береді. Кеңес бойынша олардың бірі суға секіреді. Алайда ол біршама жерге ағып кетеді.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Сүлейменовтің айтуынша, көлікте болған барлық адам құтқарылды.
«Көліктегі адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Ал көлікті су ортасынан алып шығу мүмкін болмады. Адамдар Мыңбұлақ ауылына жеткізілді», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Түркістан облысында жауған нөсер мен қардың еруі салдарынан бүгін таңертең бірнеше елді мекенді су басып қалды. Өңірде жедел желі іске қосылды. Сауран ауданында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!