Бейсенбі, 13 қараша, 22:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде

13.11.2025

53 0

Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған тақырыпқа байланысты Қызылорда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Бейбіт Бидаш пен “Ұлттық сараптама орталығы” Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Фарида Қалиеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

​2025 жылдың 10 айында қала бойынша ЖРВИ-дің 77 612 жағдайы тіркелген, оның 48 037-сі 14 жасқа дейінгі балалар. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші – 20 352,4, ал балалар арасында – 38 374,6. Былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 10,4%-ға төмендеген. Ал, тұмаудың 53 жағдайы анықталған, оның 35-і – балалар арасында. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,5%-ға аз.

​Эпидемиялық маусым алдындағы кезеңде ЖРВИ-дің 10 450 жағдайы тіркеліп, тұмаудың 49 оқиғасы анықталды. Жаңа оқу жылының алғашқы екі айында 56 мектепте 1822 оқиға тіркелді, бұл көрсеткіш эпидемиологиялық шектен аспайды.

​Қалада тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және білім беру басқармаларының бірлескен бұйрығымен кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Барлық емдеу ұйымдарында медицина қызметкерлеріне арналған семинарлар ұйымдастырылып, аурудың алғашқы белгілері мен алдын алу тәсілдері түсіндірілді.

​Тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №6 қаулысына сәйкес, 23 қыркүйектен бастап қауіпті топтар арасынан 36 910 адам тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасымен қамтылды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер есебінен 1 520 қызметкер егілді.

​Қызылорда қаласындағы вирусологиялық зертхана эпидемиялық маусымға толық дайын. Материалдық-техникалық база жаңартылып, реактивтер мен жабдықтар қоры толықтырылды. Зертханада 3 заманауи ПТР құрылғысы орнатылған. 2025 жылдың 26 қыркүйегінен бастап сынамалар қабылданып, облыс бойынша 3 418 зерттеу жүргізілді. Оның ішінде тұмау А типі – 86, ЖРВИ – 8, COVID-19 – 2 жағдай расталды.

​Сапаны сыртқы бағалау мақсатында Ұлттық референс зертханаға жіберілген сынамалар толық расталды. Зертхана мамандарының айтуынша, мониторинг және профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіліп, биологиялық қауіпсіздік талаптары күшейтілген.

​Мамандар тұрғындарға тұмау белгілері байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдамай, дәрігерге жүгіну қажеттігін ескертті. Себебі уақытылы емделмеу асқынуларға, тыныс алу, жүрек-қантамыр және жүйке жүйесі ауруларына әкелуі мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: