Дүйсенбі, 08 желтоқсан, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Тұрғын үй кезегі енді жылдамдайды

08.12.2025

43 0

Фото: Ашық дереккөз

Енді азаматтар жеке мәліметтердің өңделуіне келісім бермесе, кезектен автоматты түрде өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа ереже 8 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

«Егер азамат 5 күн ішінде жеке мәліметтердің өңделуіне келісім бермесе, біз оны күту тізіміндегі төменгі орынға жылжытамыз. Осылайша, кезек жылжиды», деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бұл өзгеріс пәтер кезегін қысқартып, шын мәнінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтер алуды жеңілдетеді. Бүгінде Қазақстанда 642 мың адам жеңілдікпен пәтер алу үшін кезекте тұр, бірақ олардың тек 14%-ы (92 092 адам) деректерін жаңартып, пәтер алу құқығын растаған.

Деректерді жаңарту жолдары:

  1. orken.otbasybank.kz порталына кіріңіз;
  2. Жеке мәліметтердің жиналуы мен өңделуіне келісім беріңіз.
  3. eGov.kz арқылы мобильді азаматтар базасындағы телефон нөміріңізді тексеріңіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: