Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тұрғын үй қорына қанша заңсыз үй қайтарылды?

14.07.2023

532 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баяндамада мемлекеттік тұрғын үй қорына заңсыз берілген 63 пәтер қайтарылғаны айтылған (Жетісу облысы – 48, Батыс Қазақстан – 9, Павлодар және Ақмола – 3-еуден).

«Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйді жалдау ақысы 2,5 есеге төмендеген (айына 1 м2 үшін 165-тен 65 теңгеге дейін), тұрғындар үшін үнемдеу 36 миллион теңге болған. Шымкентте әкімдіктің қаулысынан баспананы жекешелендіру бойынша негізсіз талаптар алынып тасталды. Нәтижесінде, екі үйдің 120 тұрғыны пәтерлерін заңды негізде иеленді», – делінген баяндамада.

Сондай-ақ, тұрғын үй қатынастары саласындағы тұрғын үй берудің барлық сатысында мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғаны: кезекте тұрғандарды есепке алу мен түгендеуді автоматтандырудың төмен деңгейі, мемлекеттік тұрғын үй қорын басқарудың айқын болмауы және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігінің «бұлыңғырлығы» белгілі болғаны айтылды.

«Агенттіктің күшімен кезекте негізсіз тұрған 8 мыңнан аса адам есептен шығарылды, 125 азаматтың, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы адамдардың құқықтары қалпына келтірілді. Шамамен, жалға алу қарыздары және жекешелендірудің негізсіз төмендетілген қалдық құны бойынша бюджетке түспеген 87 миллион теңге өндіріп алынды», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: