Алматыдағы тұрғын үй кешенінің бірінде жас қыз 16 қабаттан құлап қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша бойжеткен бұл үйде тұрмаған. Ол пәтер терезесінен емес, ғимараттың баспалдағындағы балконнан құлап кеткен.
Оқиға кеше кешкі алтылар шамасында болған. Тұрғындар жас қыздың көмекке шақырған даусын естігендерін айтады. Ал кейінірек бойжеткеннің балконнан аяқ киімі мен сөмкесін тауыпты. Әзірге бұл жағдайға не түрткі болғаны белгісіз. Азаматтардың кейбірі әлеуметтік желіге видео түсіру кезінде құлап кетуі мүмкін дейді.
Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 105-ші, “Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша іс тергелуде.
«Бұл қыздың сымбатты екені және жақсы киінгені, жақсы отбасыдан шыққан көрініп тұр. Өзін өзі өлтіруге барады дегенге сенбейміз. Тек видео түсіру кезінде оқыс жағдай орын алды ма деген ойдамыз», – деді Алматы қаласының тұрғыны Сурая Сапарова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!