Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

07.11.2024

500 0

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда қаласы халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғаны туралы хабарлайды.
Талдау барысында тұрғын үй инспекциясы қызметінің ашықтығы, апаттық жағдайдағы және тозығы жеткен тұрғын үй мәселелері, тұрғын үй қорын жөндеу және жаңғыртуға бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуы, тұрғын үйді беру кезектілігін сақтау мен аталған саладағы мемлекеттік сатып алу және т.б. сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары бағыттар зерделенеді.
Осыған байланысты, қала тұрғындары тарапынан талдау жұмыстары бойынша ұсыныстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда, apvo.kzo@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp +7 707 282 21 51 жолдауға, сонымен қатар Департаменттің кезекші бөлімінің 23-06-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығын жеткізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: