Шаһар басшысы Нұржан Ахатов және қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев қалалық «AMANAT» партиясының ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Бұл жолы қала әкімінің қабылдауына 40-қа жуық адам жазылған. Олардың басым бөлігі тұрғын үй кезегі, коммуналдық қызмет алу және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

Қала әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында тиісті түсіндірмелер берді. Негізі қабылдауда көтерілген өтініштер заң тәртібімен және кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Осы жолы да әрбір келушіні толғандырған түйткілге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді. Кейбір мәселе бойынша орындалу мерзімі белгіленді.
Айта кетейік, тұрғындар қала әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
