Қала әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдады. Қабылдауға кезектілік тәртібімен жазылған азаматтар әлеуметтік көмек сұрап, тұрғын үй алу бойынша және коммуналдық қызмет көрсету бағытындағы өтініштерін жеткізді. Көтерілген сауалдарға қатысты талқылау жасалып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Шаһар басшысы мұндай қабылдаулар тұрғындармен кері байланыс жасаудағы маңызды қадам екенін жеткізді.
— Ең басты мақсат – жерлестеріміздің өзекті мәселелерін тыңдап, оның заң аясында шешімін табу. Сондықтан біз ашықтық қағидатына сүйене отырып, жеке қабылдауларды жиі өткізуіміз қажет, — деді Нұржан Сәбитұлы.
Қабылдаудағы барлық өтініш бақылауға алынды. Кейбір мәселелерді шешу уақытты қажет етеді, ал бірқатары тиісті органдарда қаралады.
Айта кетейік, тұрғындар қала әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
