Қала әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарды қабылдап, мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар тұрғын үй кезегі, жер, әлеуметтік көмек алу бағыттарын қамтыды.
Мәселелерге сала басшыларының талқылауымен заң аясында жауаптар берілді. Хаттамаға енгізілген сауалдардың бірқатары жедел шешімін тапса, кейбірі уақыт талабын қажет етеді.
Айта кету керек, жыл басынан бері өткізілген жеке қабылдауда 200-ге жуық азаматтың мәселесі сараланды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
