Сенбі, 28 желтоқсан, 16:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғауды күшейту мәселесі талқыланды

18.08.2021

1227 0

Апта басында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Онда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғауды күшейту бөлігінде әзірленген заңға енген өзгерістер талқыланды.


Кеңес отырысында Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының директоры Жандос Тұсмағанбетов, облыстық кәсіподақтардың еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Майра Боранбаева және облыстық партия филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Гаухар Исмаилова хабарлама жасап, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты пікірлерін білдірді.


«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жаңа заңнамалық бастамаларды енгізу кезінде отбасылық құндылықтарды есепке алудың маңыздылығы туралы көптеген мәселелер айтылды. Отбасы институтын нығайту жолындағы іс-шараларға әрбіріміз жауаптымыз. Әрбір азамат өз отбасындағы татулықты сақтай отырып, жанұя мүшелерінің құқықтарын да құрметтеуге міндетті. Сонда ғана біз ана мен бала қауіпсіздігін сақтай аламыз», – деді кеңес төрағасы Райкүл Байназарова.


Жиында айтылған барлық ұсыныстар жинақталып, хаттамаға енгізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: