Жұма, 27 желтоқсан, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тұз шашылса үйде ұрыс болатыны рас па?

16.11.2022

3873 0

Халық арасында жерге тұз шашылса жақсылықтың белгісі емес деген сенім қалыптасқан. Аталған ырымға қаншалықты сенуге болады? KAZ.NUR.KZ осы тақырыпты тарқатып жазатын болады.

Тұзға қатысты ырымдар қашан пайда болған Тұзға қатысты болжамдар қашан шыққанына байланысты екі танымал гипотеза бар. Тұз бағзы заманда ең құнды тағам болып саналған. Сол кезде оған қатысты түрлі ырым-жоралғы да пайда болған деген дерек бар. Ежелде тұздың бағасы өте қымбат болған, сол себепті оны кез келген адам сатып ала алмаған. Олар тұздың орнына өзге өсімдіктерді пайдаланып, тағамның дәмін келтірген деседі. Дастарханға тұз тек мереке кезінде ғана қойылған. Ал егер осы мейрамға келген үйдің қонағы оны абайсызда жерге шашып алса, үй иесі тұзды қымбатқа сатып алғандықтан, оған ренжитін болған. Ал екінші дәстүр Шығыс елдерінде қалыптасқан. Оған сәйкес, ежелде тайпалар бір-бірімен келісімге келген кезде тұзды аузына салып, уағдаласқан деген аңыз бар. Егер қос тараптың бірі тұзды аузынан шашып алса, онда ол екінші тарапты құрметтеудің белгісі деп саналған.

Тұз жерге шашылса ненің белгісі болуы мүмкін

Жерге тұз шашылса, алдағы уақытта үйде ұрыс болады деген сенім бар. Сол себепті түрлі жорамалшы тұзға қатысты келесідегідей болжам айтқан. Сондай-ақ олар жерге тұз шашқан адамның көңіл-күйі қандай болғанға байланысты болжамдар жасаған:

Ұялу. Егер адам тұзды төгіп алып, ұялып қалса, онда оның құнды затын біреу ұрлап кетуі мүмкін. Көңіл қалу. Егер адам көңіл-күйі нашар болып, үй иесінен көңілі қалған күйде тұзды жерге шашып алса, онда үйде ұрыс-керіс болады деген сөз.

Ал егер адам тұзды күліп тұрып, байқаусызда шашып алса, онда ол жақындарынан жаман хабар алады деген сөз.

Егер адам тұзды қуанышты көңіл-күйде жерге шашса, онда ол өмірде әлдекімнен көңілі қалады деген сөз. Егер адам тұзды шаршап тұрып, жерге шашып алса, онда ол қызметінде төмендейді деген ырым бар.

Ал егер адамның көңіл-күйі болмай, жаны құлазып тұрған сәтте тұз шашып алса онда ол басқа адамдардың кесірінен ұятты жағдайға қалады деген сенім бар. Егер адам үй иесін жек көріп тұрып тұз шашса, онда ол өмірде қиын адаммен танысады деген сөз.

Дастарханда тұз шашылса ненің белгісі

Дастарханға тұз шашылса да, жақсылықтың белгісі емес. Сол себепті адам оны қайда шашқаны жайлы білу керек. Мысалы: Егер адам қонақта, дастарханда отырып, тұз шашса онда оның отбасының материалдық жағдайы жақсарады деген сөз. Өз үйінде үстел үстінде тұз шашылса, онда ол өмірінің қағидаларынан көңілі қалады деген сөз.

Егер тұзды мейрамхананың дастарханында шашып алса, онда ол көп ұзамай өмірлік жарын кездестіреді деген сөз.

Жұмыста тұз шашып алса, онда ол демалыста жұмыс істеп, тыныға алмауы мүмкін.

Егер өз үйінде жалғыз отырған кезде үстелге тұз шашып алса, онда ол ескі достарының бірімен қарым-қатынасты үзеді деген сөз.

Әріптестерінің арасында тұз шашып алса, онда ол мансабында зор жетістіктерге жетіп, қызметі өседі деген сөз.

Жақындарымен бірге отырғанда, дастарханға тұз шашып алса, онда оның қызметі өседі.

Егер достарымен бірге бір дастарханда отырғанда, тұз шашып алса, онда ол көп ұзамай тұрып жатқан жерін өзгертеді деген сөз немесе басқа қалаға көшіп кетуі де мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: