Жексенбі, 24 қараша, 16:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Туған жер – киелі орын

06.06.2024

905 0

Барлық адам баласына берілген асыл қазынаның бірі қасиетті туған жері. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» болмайтыны сияқты, туған жерсіз де адам болмайды. Сондықтан, туған жер әрбір адам үшін киелі мекен болып саналады.

«Туған жер тұғырың, Туған ел қыдырың» дегендей, «туған жер» ұғымы тым тереңде жатыр. Оның киелілігі, қасиеттілігі адам баласына берген шексіз мейірімі мен барлығына тең берілген құндылықтарында деп санаймын. Адам баласы шыр етіп өмірге келгенде, туған жер бауырына алады. Сол кіндік қаның тамған ақ мекен сен үшін тым қымбат болып саналады. Неге десек, туған жер өз перзентіне барын береді, сен ақсың, қарасың, ақылдысың, ақымақсың деп бөле жарып қарамайды. Ол барлық төл перзентін бірдей қабылдайды. Туған жердің құдіреттілігі, кеңдігі, мейірімі міне осындай. Туған жерімізді басқаша тілмен атамекен, туған өлке, ата жұрт, ата қоныс деп те атаймыз. Себебі, ата-бабамыздың қаны тамып, ізі қалған қасиетті мекен. Туған жердің бүкіл жақсылығы, ізгі қасиеттері адам баласына беріледі, халқымыз: «Туған жердің торқалы топырағынан…» деп бекер айтпаса керек-ті.

Сонымен бірге, тарих беттерін парақтар болсақ, жер бетіндегі болған ірілі- ұсақты шайқастар мен жорықтардың дені туған жер үшін болған екен. Әріге бармай-ақ, өзіміздің тарихқа үңілсек, сыртқы жаулардан туған жердің бір түйір топырағын қорғау үшін қаншама қан төгілгенін көреміз. «Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат» деп, атақты жырауларымыз бен ақындарымыз туған жерді жырға қосты емес пе? Осыншама шабыт беріп, жігірлендірген туған жердің киелілігі деп білемін. Туған жер ақынның өлеңіне, әншінің әуеніне, сазгердің әніне, күйшінің әуелеген әсем күйіне де айналғаны оның соншама қымбат екендігін дәлелдейді. Туғани жерінен безінгенді халқы жат санап, сатқыныдығын бетіне басқан. Ондай адамдарды елден аластатқан. Себебі, туған жердің киесі атады деген ұғым болған.«Туған жерге туың тік» дегендей, туған жер ұғымы ғасырлар өтіп, ел жаңарса да, алдыңғы орында келеді. Еліміздің «Мәңгілік ел» идеясы басымдықтарының бірі «Туған жер» деп аталса, «Ұлы даланың жеті қырында» туған жердің барлық құндылықтары жазылған. Туған жер туралы бірнеше жобалар жасалып, іске қосылды. Оның барлығы туған жерді қорғау, қолдау мақсатында жүргізіліп отыр. Егер туған жер адам баласы үшін киелі болмаса, баяғыда ол ұғым ұмыт қалар еді. Тіпт кезінде ел асып кеткен қандастарымыз да ата-баба қаны тамған туған жерге оралып жатыр. Бұрынғы көнкөздеріміз: «Туған жердің топырағы бұйырсын» деп, арман еткен екен. Себебі, «Туған жер екі дүниеде де тұрағымыз». Сондықтан оның қадір-қасиетіне жету барлығымыздың парызымыз.

«Туған жердей, жер болмас, Туған елдей, ел болмас» дегендей, туған жерімізді ардақтап, аялайық! Туған жерге тағзым етейік!

Дильназ Молдабаева,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: