Жексенбі, 23 қараша, 15:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Тышқандардың қаптауы салдарынан мектептер мен балабақшалар жабылды

23.11.2025

43 0

Фото:  Egemen.kz.

19 қарашадан бастап Атырау облысының Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылында екі мектеп пен екі балабақша уақытша жұмысын тоқтаттыдеп жазады Egemen.kz.

Білім беру басқармасының мәліметінше, онлайн-оқыту форматына көшу эпидемиологиялық қауіптің алдын алу мақсатында қабылданған. Ауылда тышқан санының күрт артқаны анықталып, білім беру мекемелерінде жаппай дезинфекция жүргізіле бастаған.

Қашықтан оқуға Байтұрсынұлы атындағы мектептің 573 оқушысы мен Талдықөл мектебінің 261 оқушысы көшірілді. Сонымен қатар «Балдырған» және «Балақай» балабақшаларының жұмысы да уақытша тоқтатылды. Бұл мекемелерде толық санитарлық өңдеу жүргізіліп жатыр. 

Ведомствоның мәліметінше, арнайы қызметтер дезинфекция жұмыстарын бастап кеткен.

Қауіп толық жойылғаннан кейін мектептер мен балабақшалар қалыпты жұмыс тәртібіне қайта оралады. Білім басқармасы жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: