Жұма, 21 наурыз, 08:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

ТЖ: Қызылордада көпір құлады

20.03.2025

285 0

Фото: видеодан кадр

Қызылордада облыс орталығы мен Тасбөгет кентін жалғап тұрған автокөлік көпірінің бір бөлігі опырылып құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға желі арқылы белгілі болған.

Көпір ескі әрі өз тарихы бар. Бұл жерден өтетін көліктер ағыны өте көп және ондай қандай күйде екендігін көріп тұрмыз, көпір опырылып құлады. Былтыр көпірдің басқа жағында осындай жағдай болған еді. Көпірдің астында көбінесе ересектер мен жастар келіп отырады. Бақытқа орай, бүгін бұл жерде ешкім болмады, ешкім зардап шекпеді, – дейді желі қолданушысы.

Қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімі жергілікті тұрғынның көпір туралы айтқанына жауап беріп, көпірдің жаңартылатынын айтты.

Назарбаев даңғылынан Тасбөгет кентіне дейінгі жолдағы көпірдің қасбеті тозу себепті бүлінді… Әрі қарай қалпына келтіру жұмыстарын көпірге жауап беретін мердігер компания жүргізеді, – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: