Жұма, 16 қаңтар, 23:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

ТЖМ iPhone, Huawei, Xiaomi-ге қатысты мәселе жайлы: шұғыл хабарламалар бәріне бірдей келе бермейді

16.01.2026

47 0

Фото: pexels

Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Cell Broadcast технологиясын қолдана отырып, халықты мобильді құрылғылар арқылы жедел құлақтандыру жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ кейбір өңір тұрғындарының маңызды хабарламадан тыс қалу ықтималдылығы да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, жүйені еліміздің барлық аумағында кезең кезеңімен енгізу мақсатында сейсмикалық белсенді 11 өңір анықталды.

Қазіргі уақытта «Mass Alert» ақпараттық жүйесіне Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары қосылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығымен бірлесіп, қытайлық кейбір мобильді құрылғыларда (Huawei, Xiaomi және т.б.) Cell Broadcast арқылы жедел құлақтандыру қызметі операциялық жүйе баптауларында әдепкі қалпында өшіріліп тұрғаны анықталды. Соның салдарынан мұндай құрылғылардың иелері «Mass Alert» ақпараттық жүйесі арқылы жіберілетін төтенше хабарламаларды алмауы мүмкін.

Сонымен қатар төтенше хабарламаларды алмау қаупі мына жағдайларда сақталады:

  • iOS 18 нұсқасынан төмен операциялық жүйесі бар iPhone құрылғыларында;
  • Қазақстан Республикасының аумағына ресми сертификаттаусыз басқа елдерден әкелінген мобильді телефондарда;
  • Қазақстан Республикасындағы ұялы байланыс операторларының желілерінде тіркелмеген құрылғыларда;
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға арналмаған, яғни «рұқсатсыз енгізілген» мобильді құрылғыларда.

Аталған құрылғыларда Cell Broadcast хабарламаларын қабылдау баптаулары шектеулі болуы, мүлде болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдай қауіп төнген кезде немесе төтенше жағдайлар туындағанда азаматтардың жедел ақпаратты уақытында алмауына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты салалық министрлік азаматтарға мыналарды ұсынады:

  • мобильді телефонның баптауларында жедел хабарламалар (Cell Broadcast) функциясының бар-жоғын және қосулы тұрғанын тексеріңіз;
  • Қазақстан Республикасына ресми түрде әкелінген және тіркелген мобильді құрылғыларды пайдаланыңыз;
  • смартфонның операциялық жүйесін уақытылы соңғы нұсқаға дейін жаңартып отырыңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: