Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері өртті 6 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірді.
Подъездегі қатты түтінденуге байланысты ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен терезе ойықтары арқылы 17 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып қалды.
«Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз».
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
