Дүйсенбі, 01 желтоқсан, 13:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91 (2203)
29.11.2025
PDF мұрағаты

Үй алу үшін ажырасатындар көбейген

01.12.2025

39 0

Фото: BAQ.KZ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеев өңірдегі ажырасулар санының артуы кешенді сипатқа ие екенін және оны шешу үшін жүйелі тәсіл қажет болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, ажырасу динамикасы отбасында қалыптасатын моральдық-адамгершілік құндылықтарға ғана емес, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа да тікелей байланысты.

Отбасындағы кез келген дағдарыстың түп негізінде тіршілік жағдайы жатады. Тұрақты жұмыс, қоғамның қолдауы және қалыпты экономикалық мүмкіндік болған кезде кикілжің де, отбасы ойран болуына себеп те азаяды, – деді өңір басшысы.

Ол сондай-ақ статистикада «тиімді ажырасу» деп аталатын жағдайлар да кездесетінін алға тартты. Яғни кейбір ерлі-зайыптылар жәрдемақы алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу немесе әлеуметтік қолдау кезегін жылжыту үшін некені бұзады.

Әр апта сайын отбасындағы дағдарыс үшін емес, белгілі бір мемлекеттік бағдарламаларға қол жеткізу үшін ажырасуға бел буған адамдардың өтініштерін көремін. Мұндай жағдайларды да назардан тыс қалдыруға болмайды, – деді ол.

Талқылау барысында журналист 2018 жылы АҚШ-тың Кентукки штатында енгізілген реформа мысалын келтірді. Онда ажырасқаннан кейін баланы күту бойынша 50% бірлескен қамқорлық презумпциясы енгізілген. Америкалық сарапшылардың пікірінше, бұл модель қақтығыстарды азайтып, алимент мәселесін шешуге көмектескен. Осы тәжірибеге қатысты пікір білдірген Қарашөкеев оны жан-жақты зерделеуге дайын екенін айтты.

Егер бұл механизм шынымен тиімді болып, құқық қолдану тәжірибесі оң нәтижесін көрсетсе, мұндай тәсілдердің бізге қолдануға қаншалықты келетінін қараймыз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Әкім өңірлік әлеуметтік саясатты қалыптастыруда отбасылық құндылықтарды нығайту мен отбасы институтын қолдау мәселелері басты басымдық болып қала береді деп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: