Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 20:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Үй маңындағы дүкендер әлеуметтік тауар бағасын бақылаудан босатуды сұрады

17.12.2025

63 0

Фото: freepik.com

Қазақстанда үй маңындағы шағын дүкен иелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізімін 19-дан 33 позицияға дейін кеңейту жоспарына қарсылық білдірді. Кәсіпкерлер бұл мәселе бойынша “Ақ жол” демократиялық партиясына жүгінген екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кәсіпкерлердің айтуынша, үй маңындағы дүкендердің орташа маржасы небәрі 2–8% шамасында. Бұл жалдау ақысы, жалақы, логистика және коммуналдық қызметтер шығындарын әрең жабады. Кеңейтілген тізімге енгізілген 14 тауар тез бұзылатын өнімдер. Олардың қатарында көкөніс пен жеміс-жидек бар. Бұл тауарлардың көбеюі есептен шығару көлемін арттырып, шығынға әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар соңғы жылдары коммуналдық төлемдер 40–50%-ға өскен. Ал 10–15% сауда үстемесі мен 4%-ға дейінгі айналым салығын ескерсек, шағын дүкендер үшін нақты пайда тіпті теріс көрсеткішке айналып отыр.

Кәсіпкерлер өндірушілер мен жеткізушілердің жұмыс жүйесі негізінен ірі сауда желілеріне бағытталғанын айтты. Үй маңындағы дүкендер тікелей жеткізілімдер мен арзан сатып алу мүмкіндігінен тыс қалып отыр. Алайда ірі желілермен бірдей баға шектеулеріне бағынады. Бұл олардың қызметін экономикалық тұрғыдан тұрақсыз етеді.

Сондай-ақ шағын дүкендердің әлеуметтік маңызы да айтылды. Мәселен, бір дүкенде орта есеппен 3–5 адам жұмыспен қамтылады. Ал жаппай жабылу мыңдаған жұмыс орнының жойылуына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты “Ақ жол” партиясы:

әлеуметтік маңызы бар тауарлардың кеңейтілген тізімін (33 позиция) тек ірі сауда желілеріне қолдануды;

үй маңындағы дүкендерді сауда үстемесін реттеуден босатуды;

реттеу сақталған жағдайда, шағын дүкендерге ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы арзан сатып алу мүмкіндігін және отандық өндірушілермен тікелей жұмыс істеу жолын қамтамасыз етуді ұсынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: