Бейсенбі, 14 тамыз, 12:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Үкімет есірткі қылмысымен күресу үшін республикалық штаб құрды

14.08.2025

46 0

Фото: Үкімет

Үкімет Президенттің тапсырмасы аясында нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрды, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Премьер-министрдің өкімімен Нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрылды. Оған Премьер-министр басшылық етеді, басшының орынбасарлары ретінде Премьер-министрдің орынбасары және ішкі істер министрі айқындалды.

Штабтың негізгі міндеті болып мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру, алдын алу шаралары кешенін жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу, есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру жұмыстары айқындалды.

Штаб құрамына Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар жауапты министрлік басшысы енді.

Премьер-министрдің өкімімен сондай-ақ облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру көзделген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: