Вице-премьер Серік Жұманғарин 2025 жылғы 23 желтоқсанда Үкіметте өткен брифингте сиыр етін экспортқа шығару шектеулерінің енгізілу себептерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, үкімет нарықтағы ет балансына мұқият бақылау жүргізуде.
«Біз рекордтық көрсеткішке жақындап келеміз – шамамен 30 мың тоннаны экспорттадық, және 40 мың тоннаны экспорттай аламыз. Бірақ бұл ішкі нарықтағы бағаға әсер етеді. Сондықтан біз экспорт мүмкіндігін өзінде жеке мал бордақылау алаңдары мен ет комбинаттары бар кәсіпорындарға квоталадық. Өйткені экспорт тек ет комбинатынан жүзеге асады», – деді Жұманғарин.
Оның сөзінше, бұл шара Қазақстан мал шаруашылығының тиімді әлеуетін пайдалану үшін қажет.
«Тиімсіз жағдай болмауы үшін, яғни қайда да бір жерден әлі жетілмеген, салмақ қоспаған малды түгел «құлатып» кетпеу үшін. Бұл біздің мал шаруашылығы әлеуетін тиімсіз пайдалану болып саналады. Экспортқа тыйым салу туралы сөз жоқ», – деп түсіндірді вице-премьер.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қойылған шектеулер ұзартылған болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
