Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Үкімет инфляцияны төмендету шараларын іске асырып жатыр

12.12.2022

627 0

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан экономикасының 2022 жылғы 11 айдағы негізгі даму көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7% деңгейінде болды. Биыл қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 34%-ға өсіп, $111 млрд-ты құрады. Экспорт 45%-ға, соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ға өсті.

Биыл қараша айындағы жағдай бойынша Қазақстанда инфляция көрсеткіші 19,6%-ды құрады. Оның негізгі факторлары геосаяси шиеленістің күшеюі, әлемдегі бағаның рекордтық өсуі, логистиканың бұзылуы және көрші елдерде кейбір тауарлардың экспортына уақытша шектеулердің енгізілуі болып отыр.

«Қазіргі кезде Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Оның шеңберінде жедел және орта мерзімді іс-шаралар көзделген. Олар ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, бөлшек сауданы қолдауға бағытталған», деді Әлихан Смайылов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: