Жексенбі, 09 қараша, 18:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Үкімет қазақстандық шопандарға жаңа бағдарлама дайындап жатыр

09.11.2025

54 0

Фото: pixabay.com

Қазақстанда үкімет шопандар мен малшылардың зейнетке шығу жасын төмендетуді қарастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы депутат сауалына берген жауабында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты. Оның сөзінше, бұл шара 2026–2030 жылдарға арналған жаңа “Мал шаруашылығын қолдау және дамыту” кешенді жоспарының бір бөлігі болады. Жоспарды әзірлеуді президенттің тапсырмасы бойынша жүргізіп жатыр.

Құжатта ауылдық жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер де қамтылады. Шопандардың балаларына тегін жоғары білім беру және әскери қызметтен босату қарастырылған.

Министр атап өткендей, мемлекет ет өндірісін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізбек. Субсидиялау механизмдері жетілдіріліп, жылдық 2,5–5% мөлшерлемемен жеңілдетілген кредиттер беру бағдарламалары кеңейтілуде. Сондай-ақ фермерлерді біртұтас өндірістік тізбекке біріктіретін «ет кластерлері» австралиялық технология бойынша іске асырылуда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: