«Қала әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес» отырысы өткізілді.

Кеңес отырысында үш мәселе қаралды:
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылып жатқан жобаларды қалыптастыру барысында тұрғындар ұсыныстарының ескерілуі және әлеуметтік проблемалардың назарға алынуы туралы.
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы.
Қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту және олар бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша кент, ауылдық округ әкімдеріне және дербес бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!