Бейсенбі, 03 шiлде, 07:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

«Үкіметтің ақшасына оқыдың дейді»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарды орнына қойды

02.07.2025

110 0

Танымал әнші Айгүл Иманбаева шетелдегі оқуына байланысты оқырман мазалаған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Бүгінде өнер иесі төрт түрлі мамандықты игерген. Айтуынша, қазір төрт дипломы бар. Оның екеуі өнерге қатысты болса, бірі кәсіпкерлікке байланысты екен.

Алайда актриса осы күнге дейін өнер саласында көп еңбек еткенін жасырмады. Өнерден табыс тауып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар жеке мектебін ашып, қазір өзін кәсіпкерлік қырынан да көрсетіп жүр. Ал төртінші дипломын «Мәдениетті басқару» мамандығы бойынша алған. «Болашақ» бағдарламасымен Лондонда оқып, елге оралды.

«Мәдениетті басқару дегенде міндетті түрде әкім, министр болу міндетті емес. Оқырмандарымның арасынан «Үкіметтің ақшасына оқыдың, қашан қайтарасың? Жұмыс істемейсің бе?» дейтіндер бар. Мен жұмыс істеп жүрмін, басқарып жүрмін. Өнердегі жұмыстарым осыған келеді», – деп жауап берді актриса.

Айта кетейік журналист Гүлбану Әбенова әншіні Лондонда шоппинг жасап жүрді деп сынаған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: