Дүйсенбі, 01 қыркүйек, 20:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65, 2178
30.08.2025
PDF мұрағаты

Үрей мен қорқыныш: Air Astana ұшағы Ақтауға шұғыл қонды

01.09.2025

35 0

Фото: depositphotos.com

31 тамызда Алматы – Ақтау бағыты бойынша КС 859 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты шұғыл қонуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ көтеріле бастаған сәттен-ақ салонында ерекше дыбыстар естілген. Биікке көтерілгеннен кейін жарты сағат өткен соң әуе лайнері күрт төмендей бастаған.

FlightRadar24 қосымшасында ұшақтың Ақтау әуежайына қонар алдында бірнеше рет айнала ұшқаны көрсетілген.

Ақшұқыр және Сағын Шапағатов ауылдарының тұрғындары оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері келгенін айтқан.

«Адамдар дұға оқып, әйелдер жылап жатты, тіпті стюардессалардың өзі абыржып тұрды, жүздерінен қорқыныш байқалды. Бір кезде борттан мәжбүрлі қону жасалуы мүмкін деген хабар жетті. Стюардессаның даусы дірілдеп, қорқып тұрғаны сезілді», – деп жолаушылардың бірі ZTB-ге әңгімелеп берген.

Air Astana не дейді?

«Экипаж техникалық ақау туралы хабарлап, нұсқаулыққа сәйкес қонуға рұқсат сұрады. Осыдан кейін ұшақ қауіпсіз биікке төмендеп, Ақтау әуежайына сәтті қонды», – деп мәлімдеді авиакомпанияның баспасөз қызметі ZTB-ге.

Қазір мамандар әуе кемесіне тексеру жүргізіп жатыр. Ақтау – Алматы бағытындағы КС 860 кері рейсінің жолаушылары басқа ұшақпен жөнелтілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: